ТОО «Нефтестройсервис Лтд»

Басшының сөзі

   «Нефтестройсервис Лтд» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің 20-жылдан астам тарихында көптеген жобаларды жүзеге асырды, тұтынушылар мен клиенттердің сұранысын қанағаттандыру үшін күрделі тапсырмаларды шешуге үйренді.

    Өз қызметін көптеген қосалқы мердігерлер қатарында жүріп бастап, бүгінде «НСС» қарқындап өсіп, өз штатын, жүзеге асқан жобалар портфелін кеңейтті, сөйтіп, өзінің мақсаттылығын, ауқаттылығын және бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.

   Қазіргі таңда «НСС»  Батыс Қазақстанның жергілікті ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылады. Біздермен қызмет бағыты әртүрлі 9 серіктес компания жұмыс жасайды, біз олармен бірлесіп жалпықұрылыс жұмыстарынан бастап, электржабдығы мен БӨА, соның ішінде іске қосу-реттеу жұмыстары мен объектілерді пайдалану жұмыстарын кіргізе отырып, барлық дәстүрлі құрылыс жұмыстарын қамтимыз.

   Бұл жетістіктер компанияның мынадай саясатына негізделген ұстанымдардың арқасы:

  • Адам және қоршаған ортаны қорғау;
  • Жұмыс сапасының кешенді қамтамасыздығы;
  • Еңбеккерлерге деген адал көзқарас.

   Компанияға, оның Серіктестеріне және бүкіл Қазақстанға гүлденіп өркендеуді, бейбіт аспан аясында тату да берекелі өмір және болашақтағы еңбектеріне зор табыс тілеуге рұқсат етіңіздер.

Құрметпен,

«НефтестройсервисЛТД» ЖШС

Директоры

Отаров Рашид Койшыбекұлы