ТОО «Нефтестройсервис Лтд»

Главная страница » Біз туралы » Біздің миссиямыз

Біздің миссиямыз

   «Нефтестройсервис»ЖШС миссиясы – құрылыс монтаждау мен сервистік қызмет жұмыстарын жүзеге асыруда сіздің таңдауыңыздағы компания болу.

   Компанияның атқаратын жұмысының ауқымы өте кең, ол жер қазу жұмыстарынан бастап  қолданыстағы құрылғылардың жоғарытехнологиялық жабдығының монтажына және жобаны аяқтап кілтін тапсыруға дейін барады.

   Өңіріміздегі компанияның Бас Тапсырысшылары:

«Теңізшевройл»ЖШС, «Парсонс Энерджи Флюрдэниелс», «Уорлей Парсонс», «Қазмұнайгаз»АҚ, «ҚазТрансОйл»АҚ, «NCOC N.V», «ЖайықМұнай»ЖШС, «КПО» және басқалар.

   Теңіз өңіріндегі  Бас Тапсырысшыларға арналған кешенді жұмыс түрлерімен қатар, компания басқа да мердігер және қосалқы мердігерлерге сервистік қызмет етеді.

   «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС штатында 5 000 шамасында адам еңбек етеді. Компанияның орталық офисі «Теңіз» вахталық  қалашығында орналасқан.

   Компанияның  теңіз өңірінде толықтай жабдықталған инфрақұрылымды  3  Өндірістік Базасы бар. Алматы, Ақтөбе, Ақтау  қалаларында өкілдігі бар. Сонымен қатар, Атырау және Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында өндірістік базасы, кеңсесі, жатақханалары бар.