Акдрашев Ибрагим Шияпұлы 1963 жылы Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде көпбалалы отьасында дүниеге келді.
1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазан химия-технологиялық университетін химик-технолог мамандыңы бойынша тәмамдады. Қызметтік мансабын сол жылы қазіргі Жаңаөзен қаласындағы Қазақ Мұнай Өңдеу зауытында 5 дәрежедегі технологиялық құрылғылардың операторы қызметінен бастады. Кейін ҚазМӨЗ-дің газды күкіртсіздендіру қондырғысының басшысы қызметіне ауыстырылды.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, жеке кәсіп иеленуге мүмкіндік туған жылдары Ибрагим Шияпұлы өз қаражатын Атырау облысының экономикалық дамуына жұмсады. 1997 жылы ол құрылыс және сервистік қызметтер көрсетуші «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС құрды. 20 жылдан астам тарихы бар НСС бүгінгі таңда жарғы капиталында қазақстандық 100% үлес бар, Батыс Қазақстанның тұрақты даму жолындағы құрылыс және мұнайсервистік қызмет көрсетуші компанияларыдың бірі саналады. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 5000-нан астам адам еңбек етеді. Ибрагим Шияпұлының басшылығымен НСС Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарында күрделі жобаларды жоғары деңгейде жүзеге асырып келеді.
2019 жылы іске асырылған маңызды жобалар қатарында ірітүйіршікті және ұсақтүйіршікті бетон өндіру зауытын іске қосу, АМӨЗ аумағындағы ұзындығы 57000м2 құрайтын автожолды жөндеу жұмыстары жүргізу, Чинарев мұнай-газ конденсат кен-орнындағы УКПГ-3 жаңа зауытының факелді құрылғыларын іске қосу жұмыстарына қатысу. Уақытылы әрі сапалы жасалатын жұмыстар арқасында НСС компаниясы бүгінде «Теңізшевройл» ЖШС, АҚ «ҚазМұнайГаз ҰК», «Қазтрансойл» АҚ, «NCOC N.V», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В», «ССС», «Worley Parsons Ltd» компанияларымен серіктестік байланыста жұмыс істейді. Мұның барлығы Ибрагим Шияпұлының басты қағидалары: адамдар мен қоршаған ортаны қорғау, жұмыс сапасын кешенді қамтамасыз ету және қызметкерлерге адал көзқарас танытуға негізделген саясатының арқасында мүмкін болды.