ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

“НСС” көктем мейрамын тойлады!

Бұл күнгі ауа райы күтілгендей нағыз жайма шуақ көктемгі, тамаша күнді сый етті. Исатай мен Махамбет алаңының орталығында және Сәтпаев көшесі бойында аппақ киіз үйлер, алтыбақан, ошақта қазандық орналасқан нағыз қазақ ауылы құшағын жайды.

   Біздің киіз үйіміздің қасында  мерекеге келушілердің тәбетін ашып және  көңіл күйін көтеріп, бүлкілдеген ет, үлпілдеген бауырсақ исі бұрқыраған қазан қайнап жатты. 

Ал киіз үйдің ішінде наурыз жәрмеңкесі орын алды. Халық жергілікті “Дәулет Су” ауыз суын, “Карат”ет консервілерін,  “Дәулет Нан” наубайханасының тәтті нан-бөлкелерін сүйсініп сатып  алып жатты.

 Біз киіз үйдің ішкі жасауын дәл ата-бабаларымыз жасағандай етіп безендірдік және наурыз көже мен бауырсақтан ауыз тигізуге шақырдық,  ақырында ол қонақтардың бәріне ұнап кезекке тұрды. 

     Біздің разы болған қонақтарымыз ақ тілектерін аямады. Ақ сақалды қарияларымыз: “Жаңа жыл құт-береке әкелсін! Бақыт пен қуанышқа толы болсын!”,- деп баталарын жаудырды.

   “Наурызды қаншалықты жомарттықпен атап өтсең, сол жылың соншалықты табысты болады” деген ертеден келе жатқан түсінік бар екен. Біздің киіз үйіміздегі мол дастархан, ондағы ақ ниет,  кең пейіл, игі тілек, көтеріңкі көңіл күйге қарап, келген жылдың еншісі кеңінен болары хақ.