ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

   

  Қасиетті Рамазан айының құрметіне 15 шілде күні «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қаланың ірі ойын-сауық орталығының бірінде қайырымдылық шарасын өткізді. 

  Шара барысында балалар ән айтты, би биледі, интеллектуалдық ойындарға қатысты. 

   «Бүгінгі қуанышты шараға балалар үйіндегі 16 ең кішкентай бүлдіршіндер қатысуда. Балалар үйінің жанынан «Гүлдер-ай» лагерін ашқан болатынбыз, мына бөбектер сонда демалушылар. Рамазан айында сауапты іс жасап балаларға базарлық сыйлаған «Нефтестройсервис» компаниясына үлкен рахмет. «Жетім көрсең, жебей жүр» демекші, бастысы оларға деген көңіл, ниет қой. Облысымызда ірі компаниялар көп, бірақ әрине бәрі бірдей жетім балаларға қамқорлық жасауға ұмтылмайды. Ал біздің бүлдіршіндер үнемі тосыннан бір қуаныш күтіп жүреді. Ықыластарыңызға рахмет» деп ағынан жарылды  балалар үйі директорының орынбасары Гүлжан Жұмабаева

    Мереке дастархан басында жалғасып, бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.

   Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға жүрек жылуын сыйлау «Нефтестройсервис Лтд» компаниясының басты қағидаларының бірі. Ақтөбе облыстық «Алға» балалар үйінен шыққан 30-дан аса жастың бүгінде Компанияда табысты еңбек етіп жүруі сөзімізге дәлел. Компания алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына үнемі атсалысуға ниетті.