ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

Бетон

   Жолдар, тоннельдер, көпірлер, іргетастар. Барлық жерде басты құрылыс материалы – бетон қажет. Оның сапасы шағын үйлерден бастап өзінің ауқымы бойынша орасан зор сәулеттік шешімдерге дейінгі түрлі ғимараттар мен құрылыстардың беріктігі мен ұзаққа жарамдылығын айқындайды.

   Тауарлық бетон өндіруші Дәулет зауыты өз жұмысын 2019 жылы бастады. Біз барлық халықаралық стандарттар бойынша жасалған түрлі кластағы жоғары сапалы бетонды ұсынамыз. Бетон халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи жоғары технологиялық жабдықтарда өндіріледі. Зауытта мамандандырылған аккредитацияланған зертхана бар, және тұрақты мониторингтің арқасында біз өніміміздің ең жоғары сапа шегін сенімді ұстаймыз. Зауыт көлемі 2 текше метр көлденең екі білікті араластырғышпен жабдықталған. Бұл дегеніміз, біздің сағатына 120 текше метр бетон шығара алатынымызды білдіреді. Бұл ретте,процесс барынша автоматтандырылған, бұл бетонды одан әрі сапалы және берік етуге мүмкіндік береді.

     Біздің өнімнің ассортименті сан-алуан, солардың ішінде біздің ұсынатындарымыз:

  • Қозғалғыштығы әртүрлі, беріктілік класы В7,5 бастап В40 дейінгі ірітүйіршікті және ұсақтүйіршікті бетон өндірісі ;
  • Жабысатын және конструкциялық жеңіл керамзитобетондар • 25820-2014 МЕМСТ);
  • Құрылыс ерітінділері (28013-98 МЕМСТ);
  • Құрғақ торкрет-қоспалары (25192-2012 МЕМСТ);

   Бетонды өндіру кезінде бетонның аязға төзімділігін және қажетті реологиялық қасиеттерін, яғни оның тұтқырлығы мен ағымдылығын қамтамасыз ететін жоғары сапалы BASF қоспалар қолданылады. Қыста аязға қарсы қоспаларды қолдану бетон қоспасын -15 градус С дейін төсеуге мүмкіндік береді.

     Тапсырыс берушінің қалауы бойынша мынадай қасиеттері бар басқа да қоспаларды қолдануға болады, соның ішінде:

  • Ерте беріктік жиынтығын жеделдету немесе бәсеңдетуді қамтамасыз ететін;
  • Су өткізбейтін қасиеттері бар;
  • Тұзды судың әсері жағдайында бетонның сульфатқа төзімділігін арттыратын;
  • Бетонның беріктігін және жарық төзімділігін арттыру үшін  фибраны арматуралайтын.

 Зауытта Атырау қаласы бойынша кез келген көлемде Тапсырыс берушіге тауарлық бетонды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ететін 20 бірліктен астам техника автобетонасымалдағыштар паркі бар.  Біз өнімнің 100% сапасына кепілдік береміз,бізбен бірге сіздің сәулет жарасымдылығыңыз сенімді және берік болады.