ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

   2015 жылдың 3 қыркүйек күні еліміздің Ата заңының 20-жылдығы құрметіне орай еліміздің экономикасына елеулі үлес қосқаны үшін “Нефтестройсервис Лтд” компаниясы құрылтайшысының орынбасары Акдрашев Омар Шияпұлы  “Қазақстан Конституциясына 20 жыл” мерейтой медалімен марапатталды. 

 “Сіздің компания көп жылдар бойы республикамыздың экономикалық өсуінің жолбасшысы болып табылатын мұнайгаз саласында еңбек етіп келеді. Елбасымыз қашанда отандық ұйымдардың қызметі мен адал еңбегін көтермелейді. Сіз қызмет еткен жылдар бойы халықтың сеніміне ие болып, беделіңізді арттыра білдіңіз – деді, салтанатты сәтте марапатты табыстаушы, Қазақстан Мұнайсервистік компаниялар Одағының төрағасы Рашид Жақсылықов.

Омар Акдрашев кезіндегі “Нефтестройсервис Лтд” ЖШС-нің негізін қалаушыларының бірі болып табылады. Оның жетекшілігімен үздік идеялар жүзеге асып, компания еліміздің мұнайгаз саласында елеулі еңбек етіп келеді. Омар Акдрашев сонымен қатар, Жылыой ауданы маслихатының депутаты болып табылады.

  “Маған осындай зор марапат көрсеткендеріңіз үшін  үлкен ризашылығымды білдіремін және болашақта еліміздің игілігі жолындай аянбай еңбек етпекпін”, – деді салтанатты шараның себепкері. 

 2015 жылы “Нефтестройсервис Лтд” ЖШС-не 18 жыл толады. Қазіргі уақытта ол “Теңізшевройл”ЖШС-нің анағұрлым ең сенімді  мердігерлерінің бірі  болып табылады. Еңбек жылдары ішінде компания  құрылыс-монтаждау жұмыстарының 145 түрін  игере білді.