ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

Венгрия Республикасы президенті Янош АДЕР кәсіпкер Ибрагим АКДРАШЕВТІ Венгрия мен Қазақстан арасындағы экономикалық және сауда-саттық қатынастарды дамытуға қосып жүрген сүбелі үлесі үшін “Рыцарлық Крест” орденімен марапаттауға үкім шығарды.

Ибрагим Акдрашевке Орденді ел президенті атынан Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш БАРАНИ мырза салтанатты шара барысында табыстады. Жиынға Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы НОҒАЕВ-та қатысты.
“Екі ел арасындағы мемлекет аралық, адами аралық, бизнес-қоғамдастыр аралық қарым-қатынастың жыл санап өсіп келетінін ерекше қуанышпен атап айтқым келеді. Мұндай өсім, пайдалы байланыстар, табысты тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге аспас еді. Мен бір жыл жарым уақыт бұрын Қазақстанға алғаш келгенімде, менің отандастарым 25 жыл ішінде Теңіз кен орнына табан тірегін алғашқы венгрлік елші екендігімді айтты. Мен олардың сөздерін тыңдай келе Атырауда венгрлік мамандардың қызметтері жалғасуы үшін, екі ел арасындағы қарым-қатынастың мұнай саласынан бөлек ауыл шаруашылығы секторында да, бизнестің басқа да салаларында дамуына серпін беру үшін ұзақ жылдар еңбектеніп жүрген тұлғаның бар екенін білдім. Сондықтан Венгрия президентінің осындай биік марапатты табыстауды маған жүктегені мен үшін үлкен мәртебе”, – деді Андраш БАРАНИ.
“Ибрагим Шияпұлының табыс формуласы – абыройлы еңбек, өз қызметкерлеріне деген адал көзқарас, отбасы мен туған-туыстарына деген жылы сезім. Мен оны кең жүректі, қоғамдық өмірдің барлық саласына араласатын адам ретінде танимын. Осынау табысыңызбен Сізді құттықтаймын. Бұл Сіздің ұзақ жылдар бойғы еңбегіңіздің жемісі. Сізге және Сіздің отбасыңызға зор денсаулық және алға қойған арман-мақсаттарға жету үшін сарқылмас күш-қуат тілеймін. Ол мақсаттардың Сіздің компанияңыздың және күллі Қазақстанның дамуына қатысы бар екені күмәнсіз”,- деді өз құттықтау сөзінде аймақ басшысы Нұрлан НОҒАЕВ.
Ибрагим Шияпұлы өз кезегінде Венгрия Президенті Янош АДЕР мен Елші мырза Андраш БАРАНИГЕ НСС компаниясы ұжымының 20 жылдан астам уақыт жалғасып келе жатқан еңбегін бағалап, осынау биік марапат табыстағандары үшін алғысын айтты және алдағы уақытта да Венгрия мен Қазақстан арасындағы байланыс табысты жалғасатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, “Рыцарлык Крест” Ордені Венгриядағы азаматтық тұлғаға берілетін ең жоғарғы марапат.