ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

 Менің таңдауым – балаларға көмектесу!

НСС жыл сайын өткізілетін  «Мектепке жол-2017» республикалық қайырымдылық акциясына белсенді қолдау көрсетеді. Компания жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және аз қамтылған отбасы бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлауды басты мақсаты санайды. 

   2017 жылы НСС аталмыш акция аясында 1 млн.тг кеңселік керек-жарақтар мен мектеп формасын сатып алды. 

   Өткен аптада компания өкілдері  Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің және 19 мектеп-гимназиясыоқушыларына портфель және оқу құралдарын табыс етті. 

 

         Барлық оқушыларға табысты оқу жылын тілейміз!