ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

Дәстүр бойынша НСС балаларға мектепке жиналуға көмектесті!

“Тектепке жол-2018” республикалық қайырымдылыық шарасы аясында “Мүгедек балаларды қолдау қоры” Әліби Жангелдин атындағы орта мектеп қабырғасында қаладағы аз қамтылған, көпбалалы және ерекше балалары бар отбасылар мен кәсіпкерлер кездесуін ұйымдастырды. Мектептің акт залы ертемен балалар мен ата-аналарға лық толды. “Мүгедек балаларды қолдау қорының” директоры Динара Чурееваның алғысөзінен кейін мектеп құралдарын табыстау рәсіміне кезек келді. НСС компаниясының өкілі Қуандық Тлеубаев бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға зор денсаулық және оқуда мол табыстар тіледі. Қайырымдылық шарасына демеушілік еткен кәсіпкерлерге ата-аналар да алғыстарын жаудырды. Шара мектеп оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарлама және демеушілерге алғыс хаттар табыстау рәсімімен аяқталды.