ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

  24 тамыз күні Ақдрашев Сүлеймен 25 жасқа толар еді. Оның сонау бала кезде күрделі ота жасалған жүрегі ақпанның ызғарлы түні кенеттен тоқтап қалды. Жұмыс күнінен шаршаған ол Теңіз  вахталық кентіндегі өз бөлмесінде алаңсыз ұйқыға кеткен еді… 

     Төрт баланың бірі болған ол бала кезінен қоршаған әлемнің барлығына аса бір мейіріммен қарайтын еді. Оны ересектер де құрбы-құрдастары да еркелетіп Суло деп  атайтын. Жоғары деңгейде білім алып, 4 тілді еркін меңгерген ол өз иығына әкесі қалаған бизнестің бір бөлігін ала отырып, өмірде қарапайым жігіт бола білді, кез келген адамды мұқият, ыстық ықыласпен тыңдап, өз ойымен бөлісетұғын. Ол сол бүкіл әлемге шуақ төккен мейрімді көздерімен және үнемі жымиған күлкісімен  барлығының есінде қалады. 

   “О море, море” (“Синяя вечность”) –  деген ән оның сүйікті әні болатұғын . Бұл әннің мінезі мен сарыны оның кең пейілімен үндесіп жатқандай…