ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

Атырау мұнай өңдеу зауытында жақында бастау алған Jańa Jol жобасы аясында зауыт аймағындағы автожолдар күрделі жөндеуден өтуде.

НСС компаниясы күшімен бордюрлерді жаңарту, жер асты инженерлік желілері байланысатын тұстарды бетондау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ НСС зауыт аймағында 16 аялдама, 180 жол белгісін орнатады, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолақтар пайда болады. Жол-құрылыс жұмыстарына НСС компаниясының 30 жұмысшысы және 25 арнайы техника жұмылдырылған.
Жөндеуден өтетін аумақтың жалпы көлемі 57000 шаршы метрді құрайды.

Жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.