ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

   Шараға ТМД мемлекеттерінің дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің төрағасы Серік Сәпиев, атақты дзюдошы Максим Раков, еліміздің көк туын көктен түсірмей жүрген кәсіпқой боксшылар Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаев, бокстан 2019 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы Бекзат Нұрдәулетов пен біріншіліктің қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов, Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов қатысты.

   НСС-тің Теңіздегі филиалының басшысы Халиолла Акдрашев жиналғандарды әлеуметтік маңызы бар нысанның іске қосылуымен құттықтап, веломектептің болашақ Олимпиада чемпиондарын дайындауға үлес қосатынына сенім білдірді.

   Шара барысында әлеуметтік аз қамтылған 20 отбасы балаларына велосипед сыйға тартылды.

   Веломектеп Нұрсая мөлтек ауданы, 48 үй ғимаратының цокольды қабатында орналасқан. Мектепте 7 мен 17 жас аралығындағы 80 жасөспірімнің тегін жаттығуына мүмкіндік жасалған.