ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

НЖаңа жыл – ғажайыптар мен сыйлықтар уақыты!

27 желтоқсан күні НСС өкілдері ерекше балаларға арналған Атырау облыстық мектеп интернаты тәрбиеленушілерінің Жаңа жылдық ертеңгілігіне қатысты. Балалар мерекелік шараға тыңғылықты дайындалып, сәнденіп киініп келді. Бастапқыда аздап қобалжыған олар ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері сахнаға шыққанда көңілдері көтеріліп, өздерін еркін сезіне бастады. Ортаға Аяз ата мен немересі Ақшақар шыққанда балалар риясыз қуанды. Олармен бірге ән айтып, би билеп, ойындарға қатысып, тақпақ айтып түрлі жүлделер жеңіп алды. Мереке соңында демеушілер бүлдіршіндерге арнайы дайындаған сыйлықтар табыс етті. НСС өкілі Бақатжан Сабазов жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, Жаңа жылда жаңа табыстарға жете берілерін тіледі.

Мерекелік шара әрбір бала мен ата-анаға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Бәрі де бір мезет күйбең тірлікті естен шығарып, ертегі әлеміне саяхаттағандай болды. Ал Жаңа Жыл қарсаңында көңілдің көтеріңкі болғаны тіптен құптарлық!