ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

      НСС-тің 20-жылдық мерейтойы қарсаңында компанияның Баутино базасы жобасында айтулы көрсеткіш тіркелді. Жоба қызметкерлері 2500 күн немесе 11 000 000 адам-сағат жарақатсыз, апатты жағдайларсыз және жұмыс уақытын жоғалтпай еңбек етті.

Сөзсіз, бұл жетістік – жобаның әрбір қызметкері мен басшылықтың үйлесімді қызметінің нәтижесі. Бұл жеңістің арғы жағында қыруар еңбек, өз ісіңе деген адалдық және әр қызметкердің өмірі үшін жауапкершілік тұр.

Осы табысқа жету арқылы НСС компаниясы Қауіпсіздік ережесін сақтау және Еңбекті қорғауға қатысты мемлекет және әр жұмысшының отбасы алдындағы міндеттерін ойдағыдай атқара алатындығын дәлелдеді. Бұл жетістік НСС-тің әрі қарай тұрақты дамуына өз септігін тигізері анық. Алдағы уақытта, Қауіпсіздік ережелерін сақтауға басты назар аударылатын жобаларда аталмыш 2500 күн немесе 11 000 000 адам-сағат жарақатсыз, апатты жағдайларсыз және жұмыс уақытын жоғалтпай еңбек ету көрсеткіші НСС үшін айтарлықтай дәреже болмақ.