ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!

 “Нефтестройсервис Лтд” ЖШС”АБК” сауықтыру кешенінің қабырғасында ұлы мереке құрметіне шағын концерттік шара ұйымдастырды. 

   Бұл мереке күні ардаргерлер өздерінің жастарына, ауру-сырқауына қарамастан, Жеңістің кезекті тойына аман-есен жеткендіктеріне дән риза болды. Мектеп оқушылары баянмен әскери жылдардағы әндерді шырқады, өлеңдер оқылды, би биленді.

 Ардагердер сонау сұрапыл жылдарды, ауыр шайқастарды, қан майданда жоғалған жауынгер достарын және Жеңіс жеткен күнді көздеріне жас алып еске алды.

   Әңгіме мерекелік дастарханда жалғасын тапты.

     «Біздің кездесуіміз ұрпақтар байланысының үзілмегенін, жастарымыздың Ұлы Отан соғысының қанды даласында барлық ұлттың өкілдері иық тіресіп, фашист басқыншыларын талқандаған бабаларын ешқашан ұмытпайтындығын дәлелдейді»- деп соғыс ардагері Григорий Николевич Панов атап өтті.   Дастархан басында біреу соңғы шабуылды есіне алса, енді біреуі Прагада Жеңіс күнін қалай қарсы алғанын, барлығы бірге соғыс даласында қаза болған майдандас жолдастары туралы әңгімеледі. Жастарға сый-құрметі үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.       

 “НСС” ардагерлерге азық-түлік салынған қоржын және  «АБК» сауықтыру кешені мейрамханасының қызмет көрсету сертификатын тарту етті.        

Шара естелікке суретке түсумен аяқталды.