"КазГеоИзыскания" ЖШС

“КазГеоИзыскания” ЖШС 2006 жылдың 21 тамызында құрылды. Компанияның топографтық-геодезиялық және картографиялық, жерге орналастыру жұмыстары, тау-кен өндірісін жобалау қызмет түрімен айналысуға мемлекеттік бас лицензиясы бар.
Компания саясаты келесі ұстанымдарға негізделген:
- Адам және қоршаған ортаны қорғау
- Жұмыс сапасын кешенді қамтамасыз ету
- Қызметкерлерге адал көзқарас таныту.
Қазіргі уақытта “КазГеоИзыскания” ЖШС инженерлік-геологиялық және геодезиялық іздестірулер, жерге орналастыру жұмыстары, жобалау мен құрылысты геодезиялық қамтамасыз ету саласында үлкен қызмет спектрін көрсетуге қабілетті.