ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

НСС ТШО-ның Бетон зауытында ҮБЗ газтрубиналық генератордың негізгі фундаментін құю үшін бетонмен жабдықтау жұмыстарын табысты және мерзімінде орындап шықты.

 ККЖ (Келешек кеңею жобасы) басшылығы НСС-пен атқарылған жұмысты және ұжымның ауа райының қолайсыздығына қарамастан  жұмысқа кез-келген уақытта дайындығын жоғары бағалады. Сонымен қатар, НСС жұмыскерлері ынталандыратын  мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.

   ««Сүлейменнің бетоны» бізге үлкен жемісін беріп отыр. Ол  аталмыш жобаны іске қосты және қазіргі уақытта ТШО ККЖ (Келешек кеңею жобасы) үшін және болашақ зауыттың барлығы үшін үлкен тірек болып отыр. Бұл оның еңбегі және болжамы, аталмыш жобаны ол өзі жүзеге асырды және өзінің ізін 50 жыл алға қалдырды. Барлығыңызға Сүлеймен бастаған істі табысты дамытып, жүзеге асырғандарыңыз үшін алғыс білдіремін!»- деп НСС бас менеджері Ибрагим Акдрашев сөзін қорытындылады.

   Естеріңізге сала кетейік, ТШО-ның ККЖ (Келешек кеңею жобасы)үшін тауарлық бетон өндірісі бойынша жобаның бірінші кезеңі былтырғы жылдың мамыр айында НСС компаниясымен аяқталған болатын. Екінші сатыны тапсыру ағымдағы жылда жоспарланып отыр.