ЖШС Нефтестройсервис Лтд

НСС – вместе к вершинам

НСС – вместе к вершинам

НСС ұжымы Рахмановтар отбасына көмек қолын созды.

  Бұл отбасының мүшкіл жағдайы өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын барлық атыраулықтың аузына ілікті. Осыдан 2 жыл бұрын Рахмановтардың бірнеше бөлмелі үйі отқа оранған. Ол кезде отағасы Берік Рахманов Теңіз кенішіндегі сервистік компаниялардың бірінде жұмысшы болатын. Өзі тапқан-таянғанын жинап, сол кездегі қызметтес достары қол ұшын созып 4 бөлмелі үй тұрғызады. Кенет денсаулығы сыр беріп, жұмыстан шығып қалады. Сол уақыттан бері отбасымен бірге қараңғыға оранған, ішкі құрылысы әлі бітпеген суық үйде күн көріп келеді. Бұл жағдайды естіген НСС ұжымы “Дәулет Нанның” тәттілерін, бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді  арқалап Рахмановтарға көмекке келді.

  “Жолдасым әркімге бір жалданып қара жұмыс істейді. Ондай жұмыс бірде болса, бірде жоқ. Бес баламызды ешкімнің қолына қаратқымыз келмейді. Жұрттан да көмек сұрап, қол жаюға қысыламыз.  Мен азын-аулақ ақшам болса тәтті торттар пісіріп, базарға апарып сатамын, сөйтіп ақша табамыз. Базардағы құрбыларым кейде ақшасын төлейді де, тортты алмайды. Көмегіміз болсын дегендері. Балаларымыздың төртеуі мектепте оқиды, оларды да түрлі үйірмелерге қатыстырғымыз келеді. Білсін, көрсін, білімді болсын, ешкімнен кем болмасын дейміз ғой. Сіздер сияқты жеке фирмалардан адамдар жиі келеді, біреуі киім-кешек, екіншілері құрылыс материалдарын алып беріп жатыр. Алғысымыз шексіз! Алладан қайтсын!”, – деп ағынан жарылды отбасының анасы Мира Қожаназарова. 

  Анықтап келсек, Нұрсұлтан, Сара, Иманғали, Дінмұхаммед деп ерекше атаған бүлдіршіндер менталды арифметиканы меңгеруді армандайды екен. “Сыныптағылардың көбі курсқа қатысады, тез ойлайды, есепті тез шығарады. Біздер де қызығамыз”,- дейді олар. Балалардың бұл сөздерін аяқ асты етпей, оларды менталды арифметика курсына жазып, бүкіл шығынды НСС компаниясы өз мойнына алды. Сабақтың алғашқы күнінен-ақ төртеуі де оқуға деген ерекше ынталарын байқатты, алғырлықтарын көрдік, қуандық. Балалар біздің болашағымыз емес пе? Ал болашақты бүгін ойлау керек!

 

                                Сіз де бұл отбасыға қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысыңыз!  

   Берік Рахмановпен 87472971907 телефоны арқылы байланыса аласыз.